Қар 14, 2023 20:40 Asia/Almaty
  • Washington Post: Газада 5 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келу мүмкін

«Вашингтон пост» газеті сионистік режимнің министрлер кабинетіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, бұл режим мен ХАМАС-тың тұтқындарды айырбастауға және уақытша атысты тоқтатуға мүмкіндік беретін келісімге келуге жақындағанын хабарлады.

 

Бұл дереккөздердің хабарлауынша, егер соңғы мәліметтер пысықталса, келісім бірнеше күн ішінде жариялануы мүмкін. Израильдік бір шенеунік: «Жалпы жоспар келісілді» деді.

ТАСС ақпарат агенттігінің осы хабарға сілтеме жасап хабарлауынша, Тель-Авив Палестина қарсыласу күштерінің соңғы операцияларында тұтқынға алынған барлық 100 әйел мен баланың босатылуын талап етеді. Бірақ бастапқы сан аз болуы мүмкін.Осы есеп бойынша ХАМАС бұған дейін 70 әйел мен баланы босатуға дайын екенін мәлімдеген. Бастапқы келісімдерге сәйкес израильдік әйелдер мен балалар қазір сионистік режим түрмелерінде жатқан палестиналық әйелдер мен жастардың босатылуымен бір уақытта босатылады.

Вашингтон Посттың ресми өкілі: " Алмасу уақытша атысты тоқтатумен, мүмкін бес күнге созылады",- деді.

 

Тегтер