Қар 21, 2023 21:06 Asia/Almaty
  • Хание: Біз атысты тоқтату келісіміне жақынбыз

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы атысты тоқтату келісіміне жақындағанымызды жариялады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Исмаил Хание сейсенбі күні мәлімдеме жасап, біз атысты тоқтату келісіміне жақынбыз және өз жауабымызды катарлық бауырлар мен басқа да делдалдарға жеткіздік.

Бұған дейін Израиль режимінің телеарнасы бұл режимнің соғыс кабинеті құзырлы органдарға ХАМАСпен келісім-шарт жасасу үшін жасыл шам бергенін әшкерелеген болатын.

Бұл дереккөз Газадағы 50 тұтқынның босатылуы, Израильдегі палестиналық әйелдердің босатылуы және 5 күндік атысты тоқтатудың да талқыланғанын қосты.

Катар премьер-министрі жексенбі күні Еуропа Одағының сыртқы саясат өкілімен өткізген баспасөз мәслихатында: «Тұтқындарды айырбастау туралы келісімде кедергілер көтерілді, бірақ біз келісімге жақындағанымызға сенімді болдық",- деді.

 

Тегтер