Қар 22, 2023 21:52 Asia/Almaty
  • Тель-Авив: Тұтқындарды ауыстыру ертең басталады

Сионистік режимнің cыртқы істер министрі израильдік тұтқындарды палестиналық тұтқындармен айырбастау үдерісінің басталғанын жариялап, бұл келісімді «ұрланғандарды азат ету мақсатындағы 4 күндік уақытша атысты тоқтату» деп сипаттады.

 

Израиль cыртқы істер министрі Эли Коэн бүгін, сәрсенбі, қарашаның 22-сі күні Армия радиосына берген сұхбатында нақты уақытты көрсетпей: «Ертең (бейсенбі) израильдік кепілге алынғандардың бірінші тобын босату және айырбастау басталады», - деді.

«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Коэн Газа секторындағы ХАМАС қозғалысымен жасалған гуманитарлық атысты тоқтату келісімі туралы: «Бұл [тұрақты] атысты тоқтату емес, ұрланғандарымызды босатуды мақсат еткен 4 күндік атысты тоқтату»,- деп мойындады.

 

Тегтер