Қар 25, 2023 19:29 Asia/Almaty

13 израильдік тұтқын босатылғаннан кейін, басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі «Офер» түрмесінен шыққан 39 палестиналық тұтқын Қызыл Крест күштеріне тапсырылды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, уақытша атысты тоқтату бітімі жарияланғаннан кейін жұма күні кешке 13 израильдік тұтқын Қызыл Крест күштеріне тапсырылды. Осы 13 тұтқынмен бірге Филиппин және Тайланд азаматтығын алған тағы 11 тұтқын босатылып, Қызыл Крест күштеріне тапсырылды.

Израильдік тұтқындар басып алынған Палестина аумағына кірген кезде палестиналық тұтқындар мінген Қызыл Кресттің екі автобусы «Офер» түрмесінен шықты.

 

Тегтер