Қар 29, 2023 21:33 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Офер түрмесінен 30 палестиналық тұтқын босатылды

Палестиналық тұтқындарды сионистік режим тұтқындарымен айырбастау операциясы аясында сейсенбі күні кешке Офер түрмесінен 30 палестиналық тұтқын босатылды.

 

IRNA-ның хабарлауынша, сионистік түрме ұйымы 30 адамның, 15 бала мен 15 әйелдің босатылғанын растады. Палестиналық тұтқындарды мінген автобус сейсенбі күні кешке Офер түрмесінен шығып, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Битония қаласына кірді.

Катар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджид әл-Ансари сейсенбі күні түнде 10 израильдіктің босатылғанын хабарлады.

Сионистік режимнің Министрлер кабинеті тұтқын алмасу келісімін жүзеге асырудың келесі кезеңі үшін 50 палестиналық тұтқын әйелді босатуға келісті.

 

Тегтер