Жел 10, 2023 20:07 Asia/Almaty

Израиль әскерилері бүгін таңертең Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірнеше қала мен ауылға басып кіріп, палестиналық жастармен қақтығысты.

Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі Тубас қаласында бүгін таңертең ауыр қақтығыстар болды. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, израильдік басқыншылар әскери көліктер, адам тасымалдаушы көліктер және бульдозерлермен Тубас қаласына кіріп, қарсыласу күштерімен қақтығысты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль әскерилер Тубас қаласында 2 үйді жарып жіберді. Соған қарсы палестиналық жастар Тубас қаласының оңтүстігінде қолдан жасалған бомбалармен Израиль әскерилерінің көліктерін нысанаға алды. Бірер сағатқа созылған қақтығыста 11 палестиналық қамауға алынды.  

 

 

Тегтер