Жел 12, 2023 19:19 Asia/Almaty
  • Сионистік сарбаздар бүгін таңертеңнен бастап Дженин қаласы мен лагеріне шабуыл жасады

Сионистік режимнің бүгін таңғы Дженин ауданындағы бір топ палестиналықтарға ұшқышсыз ұшақпен жасаған шабуылынан шәһид болғандар саны төрт адамға жетті.

 

Сионистік сарбаздар бүгін таңертеңнен бастап Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі Дженин қаласы мен лагеріне шабуыл жасады. Басқыншы режим күштері Тубас қаласының солтүстігіндегі Акаба қаласына шабуыл кезінде жедел жәрдем көліктерінің қозғалысы мен әрекетіне кедергі болды. Сионистік сарбаздар Ибн Сина мен Рази сияқты Дженин ауруханаларына да шабуыл жасап, бұл ауруханаларды қоршауға алды.

Палестиналық тұтқындар клубы 7 қазаннан бері Иордан өзенінің батыс жағалауында тұтқынға алынғандар санының 3700-ге жеткенін хабарлады.

 

Тегтер