Жел 14, 2023 16:39 Asia/Almaty
  • Дженинге шабуылдың үшінші күнінде шәһид болғандар саны 11 адамға жетті

Израиль әскерилері мен Шабак күштерінің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин қаласына шабуылдарының үшінші күнінде қаланың инфрақұрылымы қиратылып, тағы екі палестиналық шәһид болды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 14 желтоқсанда: "Сионистік режим армиясының Дженинге қарсы амалдарының үшінші күнінде тағы екі палестиналық шәһид болып, 3 адам жараланды. Осылайша сионистердің Дженинге басқыншылығынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті",-деді.

Палестинаның Уафа ақпарат агенттігі Джениннің әл-Шәрқи ауданын бомбалау салдарынан жараланғандар санын 11 адам деп хабарлады. Израиль әскерилері Дженин лагеріне жақын Махиуб көшесіндегі бір тұрғын үйге шабуыл жасады.

Израиль әскерилері сондай-ақ экскаваторлармен Джениннің батысындағы әл-Сила әл-Харесия қалашығының кіреберіс қақпасын қиратты.

Тегтер