Жел 15, 2023 20:42 Asia/Almaty
  • Ирактың исламдық қарсыласу күштері Сириядағы АҚШ әскери базасына жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды

Ирактың исламдық қарсыласу күштері бейсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, Сирияның оңтүстігіндегі АҚШ-тың әт-Таниф әскери базасына жасалған дрондық шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың исламдық қарсыласу күштері тарапынан ұшырылған дрондар нысанаға дөп тиген.

Ирактың исламдық қарсыласу күштері сейсенбі күні кешке Сирияның шығысындағы Конико газ кенішінде орналасқан АҚШ әскери базасына зымырандық шабуыл жасады.

Ирактың исламдық қарсыласу күштерінің мәлімдеуінше, бұл шабуылдар сионистік режимның Газа халқына қарсы қылмыстарына жауап ретінде жүзеге асырылды.  

Тегтер