Жел 18, 2023 19:22 Asia/Almaty
  • Газа секторының солтүстігінде адамдар аштан өліп жатыр

Адам құқығын қорғау органдары Газа секторында адамдардың аштықтан және су мен тамақ іздеп жүрген кезде өздеріне қарай атылған оқтан қаза тапқаны тіркелгенін айтып, халықаралық қауымдастықтан осы аймақта жұттың алдын алу үшін дереу араласуды сұрады.

Адам құқығын қорғаушылар Газа секторының солтүстігіндегі палестиналық босқындардың жағдайын тіркеп жатыр. Олар 2-4 күн бойы тамақ жемеген.

Тәуелсіз адам құқығы комиссиясы бас директорының орынбасары Джамил Сархан: "Израильдің әскерилері босқындарға шектеулі азық-түліктің жетуіне тосқауыл қойып қана отырған жоқ, тамақ табу үшін басқа аудандарға барғысы келген адамдарды нысанаға алып, жаралы және аш адамдарға жедел жәрдем мен құтқару күштерінің жетуіне жол бермей отыр",-деді.  

Тегтер