Жел 24, 2023 20:13 Asia/Almaty
  • Сионистік басқыншылар бүгін таңертең Иордан өзенінің батыс жағалауындағы аудандарға шабуыл жасады

Сионистер әл-Халил, Бейтлахем пен Наблусқа шабуыл жасады. Осы шабуылдарда олар бірнеше палестиналықты қамауға алды.

Бірақ Қассам батальондары Наблуста басқыншылармен қақтығысып, оларды нысанаға алды. Сионистер көбіне Тулкарамда Нур-е Шамс лагеріне шабуыл жасады. Қарсыласу топтары Тулкарам лагерінде басқыншыларға төтеп берді. Қарсыласу жауынгерлері қолдан жасалған бомбалармен басқыншылардың көліктеріне зиян келтірді. Сионистер жерде бульдозерлер колоннасы және көкте дрондардың қолдауымен Нур-е Шамс лагеріне басып кірді. Олар палестиналықтардың  мүліктері мен су құбыры сияқты инфрақұрылымдық нысандарды қиратты.  Басқыншылар бірнеше палестиналық азаматты қамауға алды. Тулкарамдағы қақтығыс бірнеше сағатқа созылды. Ақырына сионистік әскерилер бұл ауданнан кері шегінді.

Тегтер