Қаң 02, 2024 19:05 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің шабуылында Ливан Хизболласының төрт мүшесі шәһид болды

Ливан Хизболласы дүйсенбі күні түнде сионистік режимнің Ливанның оңтүстігіндегі шабуылында төрт мүшесінің шәһид болғанын растады.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хизболла осы қозғалыс мүшелерінің бірі Абдулджалил Әли Хамзаның Құдс жолында шәһид болғанын хабарлады. Ол Ливанның оңтүстігіндегі Әл-Бақа аудандарының бірі Әл-Хызыр  ауылының тұрғыны болған. Сондай-ақ лақап аты Джавад Хұейн Ахмед Яхья, Хади  лақап аты бар  Муси Хасан Шейт және Әбу Хұсейн лақап аты бар Джихад Мұса Шейт барлығы Ливанның оңтүстігіндегі Кафаркала ауылынан Құдс жолында шәһид болған.

Ақпарат құралдары дүйсенбі күні түнде сионистік режим әскеру ұшақтарының екі зымыранмен Ливанның оңтүстігіндегі әл-Накура ауылын нысанаға алғанын хабарлады.

Басқа жақтан әл-Маядин желісі де сионистік ұшқышсыз ұшақтың Ливанның оңтүстігіндегі Әл-Лабуна аймағын бомбалағанын хабарлады.

Бұл шабуылдар Ливан Хизболласы басып алынған Палестинаның солтүстігінде сионистер басып алған үш әскери базаны нысанаға алған соң бірнеше сағаттан кейін орын алды.

 

Тегтер