Қаң 06, 2024 00:01 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла: Қажы Қасым қарсыласу өзегі топтарының ынтымақтасуына жағдай жасаған ең маңызды адам еді

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Қарсыласу майданы кейінгі жылдары қалыптасты. Бұрынғы кезде болмаған. Қажы Қасым қарсыласу өзегі топтарының ынтымақтасуына және үйлесе әрекет етуіне жағдай жасаған ең маңызды адам еді. Ол қарсыласу ағымдарының бір-бірімен тікелей байланыс орнатуын талап етті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы қажы Қасым Сүлейманидың және Ирактың Хашда-аш-Шааби ұйымы басшысының орынбасары Әбу Мехди әл-Мұхандестің шәһид болғанына төрт жыл толуына орай өткен еске алу рәсімінде кеше Керманда шәһид Сүлейманидың мазары маңында қаза тапқан адамдардың жанұяларына көңіл айтып: "Олар сардар Сүлеймани жүріп өткен жолда шәһид болды",-деді.

Сейіт Хасан Насролла: "Әл-Ақса дауылы" операциясы АҚШ-тың жарнамалап жүрген бейнесін бұзды. Қазір АҚШ Газада адамдарды қырып жатқаны және соғысты тоқтатуға рұқсат бермей отырғаны айдан анық. Газада болған оқиға халықаралық жүйе, халықаралық ұйымдар мен әлемдік қауымдастықтың ешбір елді қорғай алмайтынын дәлелдеді. Бұл – бәріміз үшін сабақ. Бұл тәжірибе көрсеткендей, егер әлсіз болсаң, әлем сені ресми түрде танымайды, сені қорғамайды, сен үшін жыламайды. Сені қорғайтын нәрсе – күш-қуат, батылдық, мықты жұдырық, қару-жарақтар, зымырандар және өздеріңнің майданға қатысуларың. Демек, егер мықты болсаңдар, әлем сендерге құрмет көрсетуге мәжбүр болады",-деді.  

Тегтер