Қаң 16, 2024 22:22 Asia/Almaty
  • Ансаролла: АҚШ пен Ұлыбритания енді Баб әл-Мандаб арқылы өтпеуі керек

Ансаролла қозғалысының саяси кеңсесінің мүшесі Йемен бірнеше сағат бұрын америкалық кемеге шабуыл жасағаннан кейін америкалық және британдық күштердің енді Баб әл-Мандаб арқылы өте алмайтынын ескертті.

 

 

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад әл-Бахити Йемен қарулы күштерінің зымырандық мүмкіндіктерін дамытып жатқанын және жақын арада тосын сыйлар болатынын баса айтты. Әл-Бахити америкалық және британдық күштердің енді Баб әл-Мандабтан өте алмайтынына назар аудартып: "Біз жаңа кезеңге аяқ бастық және қарсыласу осі аймақтағы істерді бақылауға алды. Америка да Йеменге жасаған шабуылына өкініп, жеңіліске ұшырайды",- деді.

Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы бригада генералы Яхья Сари дүйсенбі күні кешке ел күштерінің әскери операция кезінде Аден шығанағында АҚШ-қа тиесілі бір кемені нысанаға алғанын хабарлады. Яхья Сареи: «Бұл операция бірнеше теңіз зымырандарымен жүзеге асырылып, нысанаға тікелей және дәл тиді",- деді.

Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы: "Біз елімізге шабуылға қатысқан барлық американдық және британдық әскери кемелерді біздің күштеріміздің нысана банкінде тұрған дұшпандық нысаналар деп санаймыз",- деп ескертті.

Бірнеше сағат бұрын Al Jazeera ақпарат арнасы Йемендік әскери дереккөзге сілтеме жасап, Ансарулла күштерінің Қызыл теңізде басып алынған Палестинаға қарай бет алған кемені нысанаға алғанын хабарлады. Бұл дереккөз кеме экипажының Йемен күштерінің ескертулеріне мән бермегенін және сол себепті бұл кеменің нысанаға алынғанын айтты.

 

Тегтер