Қаң 26, 2024 15:17 Asia/Almaty
  • Ансаролла партиясының бас хатшысы: Израиль Газа соғысында көздеген мақсатына жете алмады

Ансаролла партиясының бас хатшысы Палестина халқын қолдау үшін Қызыл теңізде сионистік режимнің мүддесіне қарсы операциялар жалғаса беретінін айтып: "Сионистік режим палестиналықтарға қарсы соғыста көздеген мақсаттарына жетуде жеңіліс тапты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдул-Малик Бадреддин әл-Хуси бейсенбі күні: "Сионист дұшпан Газа секторына шабуылда көздеген мақсаттарына, соның ішінде Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысының рухын күйрету мақсатына жете алмады",-деді.

Ансаролла партиясының бас хатшысы сионистік режимге: "Газа секторының  барлық аудандарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп, сионистердің қылмыстары толық тоқтағанға дейін Йемен өзінің операцияларын жалғастыра береді",-деп ескертті.

Абдул-Малик Бадреддин әл-Хуси: "АҚШ сионистік режимге бомба жіберу арқылы осы режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарына ортақтасып отыр",-деді.

Тегтер