Ақп 02, 2024 18:44 Asia/Almaty
  • Йемен: Біз Қызыл теңіздегі британдық кемені нысанаға алдық

Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари бейсенбі күні кешке Палестина халқына қолдау көрсету және Америка мен Ұлыбританияның шабуылдарына жауап ретінде Йемен теңіз күштерінің Қызыл теңізде Ұлыбританияның сауда кемесін нысанаға алғанын хабарлады.

 

Сари бұл кеменің басып алынған Палестина порттарына бағыт алғанын және теңіз зымырандарымен нысанаға алынғанына тоқталып: «Йемен қарулы күштерінің Қызыл және Араб теңіздеріндегі Израиль кемелері мен басып алынған Палестина порттарына қарай бет алған кемелеріне қарсы операциялары шабуылдар тоқтап, Газа блокадасы жеңілгенше жалғасады»,- деді.

Al-Mayadeen желісі бүгін хабардар әскери дереккөздерге сілтеме жасай отырып, америкалық-британдық басқыншылар соңғы сағаттарда Йеменнің солтүстігі мен батысындағы Саада және Ходейда аймақтарына 11 рет шабуыл жасағанын хабарлады.

Бүгін американдық-британдық коалиция Қызыл теңіздегі жағалаудағы Ходейда қаласының солтүстігіндегі әл-Чебае аймағына 9 рет және Саадаға қарсы екі шабуыл жасады.

   

 

Тегтер