Ақп 15, 2024 19:44 Asia/Almaty
  • Иранның жоғары соты ислам әлемінде қауіпсіздікті сақтау үшін Теһран мен Бағдаттың тығыз ынтымақтасу керегін баса айтты

Иранның жоғары сотының төрағасы Иракқа сапарының екінші бағдарламасында осы елдің үйлестіруші кеңесінің мүшелерімен кездесіп, ислам әлемінде қауіпсіздікті сақтау үшін екі елдің ынтымақтасу керегін баса айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи Ирактың шиіттік саяси партияларынан тұратын үйлестіруші кеңестің мүшелерімен кездесуінде: "АҚШ пен сионистік режим ислам елдері, әсіресе Иран мен Иракқа қарсы зиянды әрекеттер жасап жатыр. Сондықтан екі ел бұрыннан да көбірек әріптесіп, бірігуі тиіс. Ислам әлемінде қауіпсіздікті сақтау үшін екі елдің ортақ әлеуеттерін пайдаланамыз деп үміттенемін",-деп мәлімдеді.  

Иран жоғары сотының төрағасы езгіге ұшыраған халықтардың оянуына түрткі болған Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) илаһи тұлғасын түсіндіріп: "Иран халқы діни тағылымдар негізінде хазірет имам Хомейнидің (р.) жетекшілігіне сүйеніп, бірлік пен біртұтастық танытып, 20 ғасырда мұғжиза тудыра алды. Бүгінде Иракта қол жеткізілген жеңістер де осыған негізделген. Ирак топтарының бірлігі, діни үлгілердің беделіне мойынсұнуы және Ирак халқына даму мен ілгерілеуіне көмектесуі қиындықтарды жеңудің негізі болып табылады",-деді.

Тегтер