Ақп 21, 2024 19:38 Asia/Almaty
  • Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына сионистік армияның шабуылдары жалғасуда

Сионистік армияның Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына жасаған соңғы шабуылдарында тағы 9 палестиналық шәһид болды.

 

 

"Әл-Джазира" ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабары бойынша, Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласының медбикелер мектебінің басшысы сионистік режимнің үйін бомбалауынан отбасының жеті мүшесімен бірге шәһид болды.

Сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарының жалғасуы, шәһидтер мен жаралылар санының артуы, медицина қызметкерлерінің қабілетсіздігі, суық, ауру және су желісінің қирауы 137 күндік соғыстан кейін Газада қиын жағдай туғызды.

Сионистік режимнің Газа секторына қарсы соғысы 138-ші күніне аяқ басты және сонымен бірге сионистік режимнің бейбіт тұрғындар мен палестиналық босқындарға қарсы өлтірулері мен қылмыстары толық қарқынды түрде жалғасуда.

Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, шәһидтердің көпшілігі қирандылар астында, кейбіреулері жерде жатыр, басқыншылар оларға құтқару және медициналық топтардың жетуіне кедергі жасауда.

"Насер" ауруханасындағы жағдай апатты, 25 медицина қызметкері мен 136 науқас жарықсыз, сусыз, тамақ пен оттегісіз.

Сионистік режимнің сарбаздары "Насер" медициналық орталығын әскери казармаға айналдырып, науқастар мен медицина қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қалған науқастарды басқа медициналық орталықтарға эвакуациялау әрекеттері жалғасуда, ал басқыншылар "Насер" медициналық орталығына медициналық және гуманитарлық көмектің кіруіне жол бермеуді жалғастыруда.

Сионистік режим армиясының 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Газа секторына шабуылы басталғаннан бері палестиналық шәһидтер саны 29 мың 195 адамға, жараланғандар саны 69 мың 170 адамға жетті.

 

 

Тегтер