Ақп 28, 2024 19:11 Asia/Almaty
  • Хизболла: Сионистік режимнің Ливан жеріне жасаған шабуылына жауап ретінде басқыншы күштердің позицияларын нысанаға алдық

Бұл шабуылдарда Ливан Хизболласы басып алынған Палестина жерінің солтүстігіндегі «Жатун» базасында сионистік армияның 146-шы бригадасының жаңадан салынған штаб-пәтерін ондаған зымырандарымен нысанаға алды. Өткен 4 айда Ливан Хизболласы Палестина халқына қолдау көрсету үшін басып алынған жерлердің солтүстігіндегі сионистік әскерилердің базаларын бірнеше рет нысанаға алды.