Нау 06, 2024 21:00 Asia/Almaty
  • Палестиналық Рания 11 жылдан кейін егіз баланы дүниеге әкелді / Израиль екеуін де өлтірді

Израиль Газадағы қылмыстарын жалғастыра отырып, жаңа туған 2 егіз сәбиді шәһид етті.

 

Газадағы соғыс басталғаннан бірнеше аптадан кейін дүниеге келген Васам мен Наим жексенбі күні жерленді.

Васам мен Наимнің анасы он бір жылдан кейін балалы болған еді. Осы екі сәбидің анасы  Рания Абуанза ана болу арманына жету үшін бірнеше бедеулік емінен өткенін айтты.

Рания және оның шәһид  болған балалары

 

Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласына сионистік режимнің жексенбі күні таңғы шабуылында шәһид болған 14 адамның арасында әлі 6 ай өмір сүрмеген  Вассам мен  Наим  бар.

Израиль режимі 2023 жылдың қазан айынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарында 30 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 70 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимі 1948 жылы Палестина жерінде британдық отаршылдықтың қолдауымен құрылды және содан бері палестиналықтарды қырып-жою және олардың барлық жерін басып алу үшін түрлі жаппай қыру жоспарларын жүзеге асырды.

 

Тегтер