Нау 25, 2024 18:04 Asia/Almaty
  • Егер Израиль ыдырап кетпесе, ол әлемде қауіпті үлгі болып қала береді

Киберкеңістік пайдаланушысы X әлеуметтік желісіндегі «Eye on Palestine» қолданушы аккаунтының жазбасын қайта жариялап, Израильді өзінің қатыгездігінің шегін асырған режим деп атады.

 

Бұл қолданушы X әлеуметтік желісінде былай деп жазды: "Израиль қазіргі, мысалы, өркениетті дәуірде қылмыс пен геноцид белгісін жойды. Ол қатыгездіктің шекарасын өзгертті және әлем халқына шайтандық сенімділік берді. Дүниені ащы күндер күтіп тұр. Бұдан былай әлемдегі барлық зұлым адамдар өздеріне неге тек Израиль мен Америка деп сұрайтын болады? Неге біз емес?"

Осы пайдаланушының X желісіндегі жазбасының суреті

Соңғы күндері Газадағы әл-Шафа ауруханасында куәгерлердің сионистік әскерилердің қасиетті Рамазан айында мұсылман әйелдерін зорлап, атып өлтірудегі ауыр қылмысы, сондай-ақ осында науқастарды қырып-жою туралы жаңалықтардың жариялануымен әлемде сионистік режимге қарсы ашу мен жиіркеніш толқыны басталды. 

Медициналық орталықтар мен ауруханаларға шабуыл жасау – сионистердің соңғы күндері халықаралық ұйымдардың ескертулеріне мән бермей жасап жатқан әскери қылмыстарының бірі.

* 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Израиль режимі Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтер бойынша, сионистік режимнің Газаға жасаған  шабуылдарында 32 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 74 мыңнан астам адам жарақат алды.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне қоныс аударуы арқылы құрылды және оның  бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері палестиналықтарды геноцидке ұшырату үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды  және олардың бүкіл жерін басып алды.

 

 

Тегтер