Хазірет Фатима Масуменің туған күні
ParsToday - 438 жылдың 1 зилқаде күні – әлем шиіттерінің жетінші имамы хазірет Мұса бен Джафардың (ғ.c) қадірменді қызы хазірет Фатима Масуменің туған күні.
Жүзінде, үнінде, мейірбан көзқарасында пәктігі тербелген Мәдинаның кеңістігінде бүгін мүбәрәк сәби үні жаңғырды. Бір кездері Құм қаласына тек ағасы Имам Резаның (ғ.с.) махаббаты үшін аяқ басып, сол жерде шәһид болған бойжеткен, енді оның қасиетті кесенесі ғашықтардың жүрегін тыныштандыратын орынға айналды. Бұл асыл ханым хижраның 173 жылы зиқаида айының бірінші күні Мәдинада дүниеге келген имам Мұса Каземнің (ғ.с.) қызы - хазірет Фатима Масуме. Хазірет Масуменің мүбәрәк дүниеге келуімен бір мезгілде Құм қаласы мен оның қасиетті жері зияратшыларға толы.
Олар Әһли Бәйтке (ғ.с.) деген сүйіспеншілігімен кесенеге келіп, ең жақсы ханымды өздері мен Алланың арасына делдал етіп, дұға жасап, Алладан мұқтаждықтарын сұрайды.
Бір қызығы, он күннен кейін хазірет Масуменің құрметті ағасы Имам Резаның (ғ.с.) туған күні. Осылайша бұл он күн Иранда «Керамат онкүндігі» деп аталды.
«Керамат онкүндігі» хазірет Масуменің (ғ.с.) туған күнімен басталып, хазірет Әли бин Мұса әл-Резаның (ғ.с.) дүниеге келген күнімен аяқталатын берекелі онкүндік.
Барша мұсылмандарды хазірет Фатима Масуменің туған күнімен және Әһли Бәйттің (ғ.с.) осынау маңызды күндерімен құттықтаймыз!.