Pars Today
АҚШ Қорғаныс министрі міндетін атқарушы Кристофер Миллер сейенбі күні алдын ала хабарланбаған Кабул сапарында Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғанимен кездесті.
Иран Сыртқы істер министрі кешенді саяси шешімді Ауғанстандағы тұрақты бейбітшіліктің ең жақсы кепілі атады.
Ауғанстандық 10 әйелден тұратын алғашқы топ Өзбекстан астанасы Ташкентке ауылшаруашылық инженериясы бойынша техникалық және кәсіптік оқуға келді.
Иран мен Ауғанстанның өзара стратегиялық құжатын дайындауға қатысты кеңесулерінің жалғасында Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи Кабулға іссапармен барып, Ауғанстан басшыларымен осы салада сұхбаттасты.
Иран мен Ауғанстан басшыларының бейнеконференция арқылы қатысуымен Хорасан-е Разави облысындағы Хаф теміржол бөлігі Ауғанстанның батысындағы Гератқа қосылды.
Ауғанстандағы соғыс - АҚШ-тың ең үлкен және ұзаққа созылған соғыстарының бірі. Ол 13 жылдан кейін әлі аяқталған жоқ. Видеода АҚШ армиясының бронды машинасын Ауғанстанның жергілікті тұрғындарының атқаны көрінеді.
Ауғанстанның Нимруз уәлаятында сауда-саттықтың 90 пайыздан астамы Иран валютасымен жүргізіледі.
Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы аустралиялық сарбаздың ауған баланың тамағына пышақ кезеп тұрған суретін таратқанынан кейін Аустралия Премьер-министрі Скотт Моррисон ашуланып, Бейжіңнің кешірім сұрауын талап етті.
ИИР Жол және қала құрылысы министрі Хаф-Герат теміржолы жобасын іске асыру кезеңінің аяқталғанын хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің Женевада видеоформатта өтетін «Ауғанстан-2020» конференциясына қатысатынын хабарлады.