-
Шамхани: Ирак кейбір араб елдері секілді диктаторлық режим арқылы басқарылмайды
Қаз 27, 2017 21:24Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарсы айтқан жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп: "Рекс Тиллерсон Иракты Парсы шығанағы кеңесінің кейбір елдері секілді диктаторлық және үстемшіл түрде әулет тарапынан басқарылады деп ойлайды",- деді.
-
Революция жетекшісі: Ирактың жеңістерінің сыры – халықтың бірлігі мен үкіметтің мүмін әрі батыл жастарға қолдау көрсетуінде
Қаз 26, 2017 23:22Ислам революциясының жетекшісі әртүрлі тайпалардың бірлігі мен Ирак үкіметінің халықтық күштер мен мүмін әрі батыл Ирак жастарына қолдау көрсетуін олардың лаңкестер мен демеушілеріне қарсы күрестегі жуырдағы жеңістерінің сыры деп атады.
-
Хейдар әл-Абади: Хашд әш-Шааби – Ирак пен аймақтың үміті
Қаз 24, 2017 15:05Ирак Премьер-министрі дүйсенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен Бағдадтағы кездесуінде Ирактың халықтық ерікті күштерін қатты қолдайтынын мәлімдеді.
-
Зариф Тиллерсонның Ирак халқының ерікті күштеріне қарсы сөздеріне реакция білдірді
Қаз 23, 2017 14:32Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Ирак халқының ерікті күштеріне қарсы сөздеріне білдірген реакциясында Twitter әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында: «Өзінің елі мен жерін ДАИШ лаңкестік тобынан қорғауға жұмылған ирактықтар нақты қай елге қайтулары керек?» -деп жазды.
-
Ақпарат құралдарының Хашд аш-Шааби күштерінің Киркук қаласына кіргені туралы уәждері теріске шығарылды
Қаз 21, 2017 15:16Ирактың Бадр ұйымының бас хатшысы кейбір күрд ақпарат құралдарының Хашд аш-Шааби күштерінің Киркук қаласына кіргені туралы уәждерін теріске шығарды.
-
Әл-Абади Киркукта қарулы күштердің құзырының алдын алуға бұйрық берді
Қаз 19, 2017 17:21Ирактың Премьер-министрі Киркук облысында Орталық үкіметке қарасты күштерден басқа қарулы топтардың болуының алдын алуға бұйрық берді.
-
Иран мен Ирактың Денсаулық сақтау министрліктері өзара әріптестік меморандумына қол қойды
Қаз 19, 2017 08:15ИИР мен Ирактың Денсаулық сақтау министрліктері Арбағин рәсімі зияратшыларының қауіпсіздігі жөніндегі ортақ мемомарандумға қол қойды.
-
Әл-Абади: Референдум аяқталып, тарихқа айналды
Қаз 18, 2017 15:08Ирактың Премьер-министрі қыркүйек айының 25 күні ішкі және сыртқы қарсылықтарға қарамастан Ирактың Күрдістан аймағында осы аймақтың бөлінуі туралы референдумның өткеніне тоқталып: "Референдум аяқталып, тарихқа айналды",- деп қуаттады.
-
Ирактың күштері Киркуктің әртүрлі аймақтарына орналасты
Қаз 16, 2017 19:43Ирактың күштері Лилан аймағы мен Киркук әскери әуежайының бақылауын өз қолдарына алды.
-
Ирак күштері Киркуктың басым бөлігінің бақылауын қолдарына алды
Қаз 16, 2017 16:00Ирактың ақпарат көздері Ирак күштерінің бұл елдің солтүстігінде орналасқан Киркук облысының басым бөлігінің бақылауын өз қолдарына алғаны туралы хабарлады.