-
Ирактың қарсыласу күштері Сириядағы АҚШ базасы мен Ашдод портына шабуыл жасады
Қаң 23, 2024 19:46Ирак исламдық қарсыласу ұйымы мәлімдеме жасап, Дейр-эз-Зордағы Конико газ кенішіндегі америкалық басқыншылар орналасқан жерді үшінші рет нысанаға алғанын айтты.
-
Амирабдуллахиан мен Лавров Нью-Йоркте кездесті
Қаң 23, 2024 19:01Иран Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлері сейсенбі күні таңертең Нью-Йоркке сапары барысында бір-бірімен кездесіп, екі жақтың күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады.
-
Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласына сионистік режимнің ұшқышсыз ұшақ, әуе және артиллериялық шабуылдары күшейді
Қаң 23, 2024 18:11Бұл режим босқындарды орналастыратын 5 орталығында, оның ішінде Әл-Ақса университетінің баспанасында 30 мың босқынды нысанаға алды және Насер ауруханасының айналасында бомбаланды. Хан Юниске жасалған шабуылдарда 60-тан астам адам шәһид болып, жүздеген адам жараланды.
-
Ислам революцияcы жетекшісі: Ислам елдері сионистік режиммен саяси және экономикалық байланыстарын үзуі керек
Қаң 23, 2024 17:47Ислам революцияcы жетекшісі ислам елдерінің сионистік режиммен саяси және экономикалық байланыстарын үзуі керектігін қуаттады.
-
Газада медициналық дағдарыс күшейді
Қаң 22, 2024 21:26БҰҰ: "Газа секторында медициналық жағдай нашарлап, таза су мен азық-түлік тапшылығының күшеюі салдарынан жұқпалы аурулар кең таралып жатыр",-деп ескертті.
-
Нетаньяху ХАМАС-тың тұтқындармен алмасу үшін ұсынған шарттарын қабылдамады
Қаң 22, 2024 20:46Бұл күндері Газадағы соғысты тоқтатуға қатысты іштен де, сырттан да қысым көріп отырған сионистік режимнің Премьер-министрі ХАМАС-тың тұтқындармен алмасу үшін ұсынған шарттарын қабылдамады.
-
Иран Палестинаға көмектесу үшін ортақ қор құруға ұсыныс жасады
Қаң 22, 2024 20:17Иран Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Газа секторындағы Палестина халқына көмектесу үшін басқа елдермен бірлесіп қаржы қорын құруға ұсыныс жасады.
-
Амир Абдуллахиан: Иран мен Алжир қарым-қатынасы ең жақсы жағдайда жалғасып жатыр
Қаң 22, 2024 19:16Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан жексенбі күні Алжир Парламентінің төрағасы Мұса Харфимен кездесуінде екі ел қатынасының ең жақсы жағдайда жалғасып жатқанын айтып, осы елдің жоғары лауазымды парламенттік делегациясының Теһранға келгеніне ризалық білдірді.
-
Амир Абдуллахиан: Сионистік режим Газада бірде-бір мақсатына жетпеді
Қаң 22, 2024 18:48Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Иран мен Кувейттің парламентаралық достық тобының төрағасы Мазруқ әл-Хабинимен кездесуінде: "Газада бірде-бір мақсатына жетпеген сионистік режим өз жеңілісін лаңкестік әрекеттер жасаумен өтеуге тырысып жатыр",-деді.
-
Раиси: Сионистердің лаңкестік әрекеттері халықтың назарын Газадағы қылмыстардан алшақтату үшін жасалып отыр
Қаң 22, 2024 18:01Иран Президенті сионистік режимнің лаңкестік әрекеттер жасау себебін бұл режимнің өзі жариялаған мақсаттарға жете алмауы деп атап: "Сионистер аймақ пен әлем халықтарының назарын өзінің Газада жасаған нәтижесіз қылмыстарынан алшақтату үшін осындай әрекетке барады. Бірақ мұндай амалдардың да сәтті болмайтыны анық",-деді.