Иранның көрікті жерлері
(last modified Tue, 11 Dec 2018 16:20:16 GMT )
Жел 11, 2018 22:20 Asia/Almaty
  • Иранның көрікті жерлері

"Танге Ваши" – Фирузкуһ қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан Теһран облысының ең көркем туристік мекендерінің бірі. Бұл көрікті жер екі асудан құралған: біріншісі "Ваши", екіншісі "Са" асуы деп аталады. Бірінші асудың бойынан өзенді, екінші асудың соңынан биіктігі 15 метрді құрайтын сарқыраманы көруге болады.

"Ваши" асуында әдемі табиғи көріністермен қоса бірнеше тарихи ескерткіш те бар. Олардың ішіндегі ең танымалы Қаджар дәуіріне тиесілі үш көне жазба. Ұзындығы 7 метрді, ені 6 метрді құрайтын бұл жазбада Фатһәли шаһ билік еткен кезеңдегі оқиғалар баяндалған. 

 

"Ваши" асуы: Теһран облысы, Фирузкуһ ауданы
"Танге Ваши" ("Ваши" асуы)