Иран: Хавадже тауы
Ақп 12, 2019 14:32 Asia/Almaty
Хавадже тауы Систан-Балучистан облысының Заболь қаласының оңтүстігінен 30 км жерде, Һамун көлінің ортасында орналасқан.
Бұл тау қара базальт тастарынан тұрады. Таудағы тізбектердің арасынан үлкен ғимаратты, отқа табынатын мекен мен екі кірпіш қамалды, ескі жолдың қалдықтарын, әртүрлі қоршаулар мен бірнеше тас мазарын және бірнеше исламдық зиярат мекендерінен тұратын тастан қаланған қабірлерді көруге болады. Бұл таудың көне атауы – Ушид (Ошид). Орта парсы тілінде «мәңгілік» деген мағынаны білдіреді. Неміс археологы Эрнст Эмиль Герцфельд бұл тізбекті балшық пен тастан түзілген «Тахте Джамшид» деп ағылшын археолог Аурель Стейн ашқан.












Тегтер