Анкара мен Тель-Авив ХАМАС туралы келісті
(last modified Mon, 27 Jun 2016 12:02:32 GMT )
Маусым 27, 2016 18:02 Asia/Almaty
  • Анкара мен Тель-Авив ХАМАС туралы келісті

Сионистік «Гаарец» (Haaretz) газеті жексенбі күні сионистік режим мен Түркияның ХАМАС туралы келіскенін әшкере етті.

Сионистік «Гаарец» газеті Анкара мен Тель-Авивтің қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру келісіміне қол қойылмастан бұрын бұл келісімнің кейбір баптарын әшкере етті. Осы мәлімет бойынша Моссад басшысы Йоси Коэн мен Түркияның Барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан осыдан 10 күн бұрын ХАМАС туралы келісімге келген.

Аталмыш келісім бойынша Түркия дипломатиялық істерді алға ілгерілету үшін өз елінде ХАМАС қозғалысының кеңсесін ашумен қатар осы қозғалыстың сионистік режимге қарсы әскери әрекеттерінің алдын алуға келісті.

Сионистік басылым «Иерусалим пост» сионистік режим премьер-министрінің кеңсесіне сілтеме жасап: «Түркиямен арадағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісім ХАМАС басшыларына қарсы лаңкестік әрекет жасауға кедергі болмайды»,- деп жазды.

Сионистік режи премьер-министрінің кеңсесі: «Түркиямен татуласу келісімінен кейін Хание лаңкестік әрекеттен аман қалмайды»,- деп мәлімдеді.

Тегтер