Нетаньяху: Түркиямен келісімге келу Израиль экономикасы үшін маңызды қадам
Маусым 28, 2016 15:04 Asia/Almaty
Сионистік режимнің премьер-министрі Түркиямен келісімге келуді осы режимнің экономикасы үшін маңызды қадам деп атады.
Италияның ресми ақпарат агенттігі INSA-ның мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Италияның Премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесу үшін Римге сапар шеккен Бениамин Нетаньяху Керримен кездесуі аясында Израиль мен Түркия арасындағы келісімді Израильдің экономикасына үлкен әсерін тигізетін, әрі осы салада жасалған маңызды қадам деп атады.
Алты жылға созылған дағдарыстан кейін Түркия мен Израиль өздерін маңызды келісімге қол қоюға, яғни қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруге дайындауда. Бұл келісімге бүгін Римде қол қойылады.
Тегтер