Йемен армиясы израильдік мамандар орналасқан мекенге зымырандық шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i10153
Йемен армиясының зымырандық бөлімшесі Сауд Арабиясындағы израильдік мамандар орналасқан мекенді нысанаға алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 28, 2016 21:04 Asia/Almaty
  • Йемен армиясы израильдік мамандар орналасқан мекенге зымырандық шабуыл жасады

Йемен армиясының зымырандық бөлімшесі Сауд Арабиясындағы израильдік мамандар орналасқан мекенді нысанаға алды.

«Alalam» хабар арнасының сейсенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Йемен армиясының зымырандық бөлімшесі израильдік мамандар орналастырылған Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Асир облысына қарасты «Хамис Мәшит» әуе базасын зымырандық шабуылдың нысанасына алды.

«Хамис Мәшит» базасындағы израильдік мамандар жаулап алынған Палестинадан осы базаға қару-жарақ пен жабдықтар жеткізілімін қадағалайтын көрінеді.

Йемен Қорғаныс министрі де Йеменнің әл-Хазм қаласында осы елдің отставкадағы президенті Мансур Хадидің күштері жиналған мекенге зымыран атылғанын хабарлады.

Йеменнен келіп түскен келесі бір хабар бойынша, әл- Каида басшыларының бірі Ғасем әл- Салафи әл- Ғиши мен Мансур Хади күштерінен полковник Хасан әл- Жале Йемен армиясы және халықтық күштерімен болған қақтығыста Йемен орталығындағы Мариб облысына қарасты «әл- Мошаджах» аймағында өлді.