Рухани әлемдік Құдс күнінің маңыздылығын қуаттады
ИИР президенті әлемдік Құдс күнінің маңыздылығын қуаттап, мұсылмандардың, әсіресе Иран халқының әлемдік Құдс күні шеруіне жаппай қатысуына мүдделік танытты.
Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Иран халқы мен әлем мұсылмандарын әлемдік Құдс күні рәсіміне ықыласпен жаппай қатысуға шақырып: «Биыл көбірек бірлік және тұтастықпен Иран халқы мен өзге ислам елдері халықтарының Палестина халқын қорғап, Құдс шәріптің азат етілуін талап еткен ықыласты құзырына куә боламыз.
Иран халқы имам Хомейнидің үндеуіне ләббайк айту үшін және шамамен 70 жылдан бері өз баспаналарынан айрылып босқындыққа ұшыраған Палестинаның мазлұм халқының үніне жауап қайтару үшін Құдс күні рәсіміне жаппай қатысады» деді.
ИИР президенті сионистердің аймақта қақтығыстар ұйымдастырудағы мақсатын 70 жылдық басқыншылықты ұмыттыру деп атап: «Баршамыз әлемдік Құдс күні Палестина халқымен бірігіп, оларды қолдауға үн қосамыз.
Әлемнің мұсылман халқы Палестинаның мазлұм халқын қолдау бағытында Құдс шәріпті сионистік режимнің басқыншылығынан азат ету үшін жиһад пен төзімділік жолын күш-қуатпен жалғастырады» деді.