Сауд Арабиясы басшыларының 11-ші қыркүйек шабуылына қатыстылығы жарияланды
2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты құпия құжаттар туралы жанжалды пікірталастардан кейін АҚШ үкіметі бұл құжаттың бір бөлігін жариялады.
АҚШ Президенті Барак Обаманың үкіметі соңғы күндерде «Файл-17» деп аталған құпия құжатын жариялады, соның ішінде 11-ші қыркүйек шабуылына қатысты Сауд Арабиясы басшыларының шамамен қырық адамының есімі көрсетілген.
Сауд Арабиясы үкіметінің жауап беруінің және АҚШ Конгресінің 11-ші қыркүйек оқиғасын зерттеген комиссияның толық есебін жариялаудың негізгі қолдаушысы сол кездегі сенатор Боб Грэхам: «Файл-14» деп аталған мәліметтердің үлкен бөлігі АҚШ Конгресінің құпия 28 беттік құжатына сүйеніп жинақталған. Менің пікірімше, бұл құжат Сауд Арабиясы жүйесінің 11-ші қыркүйек оқиғасында ұшақтарды ұрлағандарды кең ауқымды түрде қолдағандарын көрсетеді»,- деді.
11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты құжаттың бөлігі Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман соңғы кезде АҚШ-та бір аптадан артық уақыт болып, әртүрлі мәселелер, соның ішінде дәл осы құжат туралы сөйлескенен кейін жарық көрді. Мұхаммад бен Салман АҚШ-та жүрген кезде Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель Джубайер: «Егер 11-ші қыркүйек оқиғасы туралы 28 беттік құпия құжат жарияланса, Сауд Арабиясы АҚШ-тағы 750 миллиард долларлық инвестициясын қайтарады»,- деп қоқан-лоққы жасады. Адель Джубайер бұл қорқытулармен шектелмеді, ол 11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты құжатты уәж деп атап, АҚШ үкіметіне елдердің қол сұқпаушылық құқықтары туралы есіне түсіріп, егер бұл құқық бұзылса, АҚШ-тың басқа елдердегі қолсұқпаушылығы қатерге тіреледі деп ескертті.
АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынастарына көңіл бөле АҚШ Конгресінің 11-ші қыркүйек оқиғасы туралы толық құжатының жарияланатындығы анық емес. Бірақ «Файл-17» деп аталған құжаттың өзі Сауд Арабиясының 11-ші қыркүйек оқиғасына тікелей қатысты болуын көрсетеді.
АҚШ Сенаты да саудиялықтардың әлемдік қос сауда ғимаратына жасалған шабуылға саудиялықтар қатысты деп, 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасында аман қалғандарға және шабуылда құрбан болғандардың жанұясына Сауд Арабиясының үкіметіне қарсы шағым түсіріп, шығындарын талап етуге рұқсат беретін заңды бекітті.
АҚШ Сенатының әрекеті мен «Файл-17» құжатын жариялауы АҚШ халқы мен бұл елдің қоғамдық пікірінің қалауы болды. Ақ Үй енді бұдан әрі оларға қарсы тұра алмайды. 11-ші қыркүйек оқиғасын анықтау – әлемдік қоғамның пікірінің де қалауы. Осылайша Ақ үйдің лаңкестікпен қаншалықты шынайы күресетіндігі әшекереленеді. Жаңа құжаттың жариялануы қоғамдық пікірге лаңкестік таралуына қандай елдің қатысы бар екенін көрсетті. Сауд Арабиясының басшылары АҚШ-тың 11-ші қыркүйек оқиғасының егжей-тегжейлерін анықтамақ болып жасап жатқан талпыныстарына ашу танытуда. Шын мәнінде Сауд Арабиясы әлемдегі экстремизм, салафизм мен лаңкестіктің таралуына тікелей әсер етіп отыр. Сауд Арабиясының бақылауындағы медреселер – экстремизмнің негізгі таратушылары. Бұл медреселердің түлектері күндердің бірінде Талибан, әл-Қаида, бүгін ДАИШ және ән-Носрат майданы деген аттармен лаңкестікті таратуда.