Лаңкестіке қарсы күрес қисын мен ақылға сай жүргізілуі керек
ИИР Президеті Хасан Рухани кейбір исламдық елдердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтық ынтымақтастықтарды аймақты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және достықты арттыру мен қарым-қатынастарды кеңейту кепілдігінің маңызды факторы деп атады.
Рухани Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамд әл-Санимен телефон арқылы сөйлесуінде Ораза айтпен құттықтап, Иранның исламдық елдермен қарым-қатынастарын күшейтуді қалайтындығына тоқталып: «Исламдық елдердің бауырластық ынтымақтастықтарының арқасында мәселелерді саяси емес жолдардың орнына саяси жолдармен шешуге болады»,- деді.
Рухани сонымен бірге телефон арқылы Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған, Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани және Ирак Премьер-министрі Хайдар әл-Абадимен сөйлесіп, лаңкестікті барлық әлем мемлекеттерінің мәселесі және қоқан-лоққы деп атады.
Иран Президенті Түркия, Ауғанстан және Ирак басшыларымен пікір алмасуында: «Әлемдік лаңкестік құбылысымен күресу үшін барлық мемлекеттердің ұжымдық жігері қажет»,- деп қуаттады.
Исламдық үмбет биылғы жылғы Ораза айт күнін исламдық елдердегі бейберекеттерде қарапайым халық құрбан болып жатқан жағдайда өткізіп отыр. Бірнеше күн бұрын Ирак астанасы Бағдат пен Сауд Арабиясындағы қасиетті Медине қаласы лаңкестік жарылыстардың куәсі болды. Бағдаттың әл-Караде аймағындағы екі жарылыста 250 адам қаза болып, 200 адам жарақат алды. Кең таралып бара жатқан лаңкестік ислам әлемі үшін шынайы қатер.
Лаңкестік сұм құбылысымен күресіп, халықтың бұдан әрі құрбан болуының алдын алу үшін ұжымдық жігер мен ортақ ынтымақтастық қажет.
Ислам әлеміндегі қазіргі қиындықтарға қарсы тұру үшін исламдық елдердің арасындағы достық қарым-қатынас нығаюы керек. Исламдық елдердің арасындағы қайшылықтар мұсылмандардың мүддесіне емес, одан тек дұшпандар пайда көреді. Исламдық елдердің арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту лаңкестікке қарсы күрестің негіздерінің бірі саналады. Бұл көзқарасқа сенім арту ислам әлемін сұм құбылыстан құтқарады. Егер Иран, Түркия, Ирак және басқа исламдық елдер ынтымақтастық жасаса, лаңкестіктің тамырының жойылатындығына күмән тумайды.
Иран исламдық елдермен достық қарым-қатынас орнату саясатын ұстанып, лаңкестікпен күресіп жатқан басқа халықтар мен үкіметтердің қасында тұр.
Иран Президенті Хасан Руханидің айтуынша, мәселені шешу үшін аймақ пен әлем мемлекеттерінің қарым-қатынастарында орынды әрі ақылға сай кеңістік, бірте-бірте аймақ пен әлем деңгейінде бақталастықтың орнына ынтымақтастық орнатылуы керек. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды ақыл билеп, экстремизмнен бойды аулақ салу аймақ пен әлем халықтарына қауіпсіздік пен даму әкеледі.