Эр- Рияд "Мұнафықтар" тобына қаржылай және қауіпсіздік тұрғыдан ауқымды қолдау жасап отыр
(last modified Sun, 10 Jul 2016 16:16:36 GMT )
Шіл 10, 2016 22:16 Asia/Almaty
  • Эр- Рияд

Иран Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сауд Арабиясы Барлау аппаратының бұрынғы басшысының "Мұнафықтар" лаңкестік тобының жетекшісі туралы мәлімдемесін Сауд Арабиясының лаңкестікті қаржылай және қауіпсіздік тұрғыдан ауқымды қолдап отырғанын растайды деп бағалады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Хосейн Әмир Абдоллаһиян «Мұнафықтар» лаңкестік тобының жетекшісі Масуд Раджавидің өлімі туралы хабар берген Саудия ханзадасы және Сауд Арабиясы Барлау аппаратының бұрынғы басшысы Торки әл- Фейсалдың мәлімдемесі туралы: «Саудияның қауіпсіздік аппаратының «Мұнафықтар» тобымен әсіресе соңғы жылдары ауқымды байланыста болғанына күдіктенбеу керек.

Торки әл- Фейсалдың мәлімдемесі Сауд Арабиясының лаңкестіктің кез- келген түрін қаржылай және қауіпсіздік тұрғыдан ауқымды түрде қолдауының әрдайым Эр- Риядтың күн тәртібінде болғанын растайды.

Сауд Арабиясы өзінің аймақтағы әскери және қауіпсіздік ұстанымын өзгертіп, саяси шешім жолына ден қойып, лаңкестікті ашық және жасырын түрде қолдауын тоқтатумен аймақта сындарлы рөл атқаруы керек» деді.

Саудия ханзадасы және Сауд Арабиясы Барлау аппаратының бұрынғы басшысы Торки әл- Фейсал сенбі күні Парижде «Мұнафықтар» лаңкестік тобының жыл сайынғы конференциясында осы лаңкестік топтың жетекшісі Масуд Раджавидің қазасы туралы хабарлады.