Сионистік қалашықтардың тұрғындары хазірет Юсефтің (ғ.с.) кесенесіне баса-көктеп кірді
(last modified Wed, 13 Jul 2016 02:12:09 GMT )
Шіл 13, 2016 08:12 Asia/Almaty
  • Сионистік қалашықтардың тұрғындары хазірет Юсефтің (ғ.с.) кесенесіне баса-көктеп кірді

Сионистік қалашықтардың жүздеген тұрғыны осы режим әскерилерінің демеушілігімен Иордан өзені батыс жағалауының солтүстігінде орналасқан хазірет Юсеф (ғ.с.)-ның кесенесіне баса-көктеп кірді.

Палестиналық «Сафа» ақпарат торабының мәлімдеуінше, сионистік қалашықтардың 1600 әсірешіл тұрғыны сионистік режим әскерилерінің демеушілігімен Наблостағы хазірет Юсеф (ғ.с.)-ның кесенесіне баса-көктеп кіріп, салдарынан палестиналықтар мен сионистер арасында қақтығыс болып, ондаған палестиналық жараланған.

Сионистік режим әскерилері палестиналықтармен қақтығыс барысында оларды тарқату үшін көзден жас ағызатын газ пен пластикалық оқ қолданған.

Сионистік әскерилер сондай- ақ хазірет Юсеф (ғ.с.)-ның кесенесінің айналасын қоршап алып, осы аймақпен шектесетін жолдарды жауып тастаған.

Сионистік режимнің әскерилері дүйсенбі күні кешке де Батыс жағалау мен Құдстағы Хаваре, Дженин, және Калькилия аймақтарына баса-көктеп кіріп, 27 палестиналықты құрықтады.

Сионистік режим халықаралық қауымдастықтың сынына қарамастан, палестиналық жерлерде басқыншылық және басып- жаншу саясатын жалғастыруда.