Шіл 14, 2016 14:51 Asia/Almaty
  • Иракта ДАИШ тобының жетекшісі Омар әш- Шишани өлтірілді

ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Омар әш- Шишани Ирактың Шарғат қаласында қаза болды.

ДАИШ лаңкестік тобының «Амақ» ақпарат агенттігі осы топтың жетекшісі Омар әш-Шишанидің Иракта өлтірілгенін растады.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Амақ» сәрсенбі күні ДАИШ лаңкестік тобының бір әскери қайраткеріне сілтеме жасап, Шишанидің Мосулдің Шарғат қаласында қаза болғанын растады. Шишани Вашингтон оның басына 5 миллион доллар жүлде қойған ДАИШ басшыларының бірі болды. Шишани Шешенстанның Панкиский аңғарында дүниеге келген. Ол ДАИШ тәкфирлік тобы Сирияда белсенді болған 2013 жылы мамыр айының бас кезінде осы елдің солтүстігінде аталмыш топ армиясының қолбасшылығына сайланды.

Осы уақытқа дейін әш- Шишанидің қазасы туралы көптеген хабарлар жарияланды.

Тегтер