Ердоған Гюленге егер батылы жетсе елге қайтуды сұрады
(last modified Sat, 16 Jul 2016 08:21:07 GMT )
Шіл 16, 2016 14:21 Asia/Almaty
  • Ердоған Гюленге егер батылы жетсе елге қайтуды сұрады

Түркия президенті өзінің жаңа мәлімдемесінде осы елдегі әскери төңкерісті ұйымдастырушы деп аталған үкіметтің қарсыласы Фетхуллах Гюленге қаратып: "Түркия халқы мен үкіметіне қиянат еткенің жетер, егер батылың жетсе еліңе қайт" деді.

«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз сөзінде: "Қатарлас құрылымға қатысы бар кісілер (Гюленнің жақтаушылары) анықталды.

Түркия әрдайым баянды болып қалады. Біздің өз жан-тәнімізбен және кебін киіп, қажет нәрсенің барлығын істейтінімізге және осы жолда баянды болып қалатынымызға сенуіміз жеткілікті. Түркия әуе компанияларының қызметі қайтадан басталды. Анкарада да жолдар ашық, бірақ жағдай қалпына келгенше осы жерден кетпейміз" деді.