Түркиядағы төңкерістің Ердоған тарапынан ұйымдастырылғаны туралы уәждер теріске шығарылды
(last modified Tue, 19 Jul 2016 08:15:29 GMT )
Шіл 19, 2016 14:15 Asia/Almaty
  • Түркиядағы төңкерістің Ердоған тарапынан ұйымдастырылғаны туралы уәждер теріске шығарылды

Түркия Президенті сәтсіз төңкерістің қолдан ұйымдастырылғаны туралы уәждерді теріске шығарды.

«Анадолы» ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған CNN телеарнасына берген сұхбатында Түркия үкіметіне қарсы кейбір адамдардың сәтсіз төңкерістің қолдан ұйымдастырылғаны туралы уәждерін теріске шығарып: «Мұндай іс мүмкін емес. Мұндай уәждерді айтатын адамдар шындықтың өңін айналдырып көрсетуді мақсат тұтады. Болмаса, көптеген қарапайым азаматтың бір оқиғаның құрбаны болуына қалайша жол беруге болады»,-деді.  Түркия Президенті «Хизмет» қозғалысын лаңкестік топ деп атап: «Бұл қозғалысқа бұрын-соңды мұндай соққы берілмеген еді. АҚШ Президенті Барак Обамадан «Хизмет» қозғалысының басшысы Фетхуллах Гюленді Түркияға қайтаруды сұрадым»,-деді. Түркия Президенті осыдан бұрын да Гюленді сәтсіз төңкеріске қатысы бар деп айыптап, «Хизмет» қозғалысын тамырымен жойып, төңкерісші сатқын әскерилерді қатты жазалайтынын айтқан болатын.