Сауд Арабиясының барлаушы ұшқышсыз ұшағы құлады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1213
Йеменнің ақпарат құралдары Сауд Арабиясының оңтүстігі Джизанда Саудияның бір барлаушы ұшқышсыз ұшағының құлағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 21, 2016 22:33 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының барлаушы ұшқышсыз ұшағы құлады

Йеменнің ақпарат құралдары Сауд Арабиясының оңтүстігі Джизанда Саудияның бір барлаушы ұшқышсыз ұшағының құлағанын хабарлады.

Йеменнің «Аlmasirah» телеарнасы ақпарат торабының жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Йемен армиясы мен халықтық күштерінің техникалық бөлімшесі Саудия шапқыншыларымен шайқастың жалғасында Джизандағы «әл- Манақ» елді мекенінде Сауд Арабиясының бір барлаушы ұшқышсыз ұшағының көзін жойды.

Сауд Арабиясы қаржылай ауыр шығынға ұшырауына қарамастан, 2015 жылдың 26- шы наурыз күні Йеменге бастаған шапқыншылығынан әлі бас тартпай отыр.