Сауд Арабиясының нашар экономикалық жағдайы ел қайраткерлерінің қолдан жасаған дағдарысы
Сауд Арабиясының «Хаддари» құрылыс компаниясының директоры Суаз әл-Хаддари экономикалық дағдарыс ушыққандықтан Сауд Арабиясындағы құрылысы көлемінің 80 пайызға азаятынын хабарлады.
Әртүрлі факторлар, соның ішінде мұнай бағасының төмендеуі мен Сауд Арабиясының лаңкестерге қаржылай қолдау көрсетуі, көптеген акционерлік компаниялардың табыстарының төмендеуі салдарынан акцияларға сұраныстың төмендеуі мен оның құнының түсуінің қысымына ұшыраған Сауд Арабиясының қаржы нарықтары екі апта бойы ауыр шығынға ұшырады.
Сауд әулетінің Сауд Арабиясын ұзақ жылдар бойы басқаруының нәтижесі мұнайға толық тәуелді әлсіз экономикадан басқа ештеңе емес. Бұл жағдай соңғы жылдары Сауд әулетінің өзі Батыспен әріптесе отырып, мұнай бағасын күрт түсірген қастандығынан кейін Сауд Арабиясы үшін қатерлі сипатқа ие болып, соның салдары осы елдің халқын шарпыды.
Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, Сауд Арабиясы соңғы айларда экономикалық қиындықтардың көбеюімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл елдің қайраткерлері осыдан біраз бұрын 27 млрд долларға жуық бағалы қағаз сатты. Сауд Арабиясының билеушілері елдің мұнайдан түсетін табысының басым бөлігін Сирия, Ливан мен аймақтың басқа да кейбір елдеріндегі лаңкестікті қолдауға, іріткі салуға және Йеменге қарсы соғысқа жұмсады.
Сауд Арабиясы шахзадаларының халықтың мал-мүлкін оңды-солды шашуы, ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Сауд Арабиясының соңғы жылдарда ауыр бюджет тапшылығына ұшырап, бұл ел халқының 25 пайызы кедейлік деңгейінен төмен жағдайда өмір сүріп, оқыған жастардың көбісі жұмыссыз отырған жағдайда жалғасып жатыр. Дүниежүзілік адам ресурсын дамыту ұйымының есебі бойынша, жылына мұнайдан түсетін жүздеген миллиард долларлық табыстың болуына қарамастан Сауд Арабиясы халқының 70 пайызға жуығы елдің экономикалық жағдайы мен әл-ауқатының нашарлығына наразы және әртүрлі салаларда, соның ішінде экономика саласында түбегейлі өзгерістердің жасалуын қалайды.
Жуырда мұнай бағасының төмендеуі мұнай экспорттаушы кейбір елдердің экономикасына қысқа мерзімде әсер еткенімен, бәрінен бұрын ақырында Сауд Арабиясының бір өнімге негізделген экономикасының өзі бұл елдің мұнай нарығындағы авантюристік әрекеті салдарынан зардап шекті.
Сауд Арабиясының мұнайдан түсетін миллиардтаған табысы да елдің инфрақұрылымдарын дамытуға бөлінудің орнына, керексіз нәрселерге жұмсалады. Осылайша Сауд әулетінің басқаруындағы Сауд Арабиясының экономикасы іс жүзінде банкротқа ұшырау мен жойылудан басқа нәтиже бермейтін жолға түсті. Экономика саласы мамандарының мойындауынша, Сауд Арабиясын осы зиянды жағдайдан алып шығатын ешбір жоба-жоспар жоқ.
Сауд әулетінің ортағасырлық қалыптағы режимі жағдайының нашарлығы соншалықты, тіпті осы режимді қолдайтын араб орталарында да оның сақталып қалатындығына үміт азайған. Олар әртүрлі факторларды, соның экономикалық факторды Сауд әулетінің құлауына себеп болуы ықтимал деп санайды.