Түркия төңкерісі 100 млрд доллар зиян тигізді
Түркияның Сауда және кеден министрі: «15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс елдің экономикасына 300 млдр түрік лирі (сәйкесінше 100 млрд АҚШ доллары) көлемінде зиян тигізді»,-деді.
«T24» ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Түркияның Сауда және кеден министрі Бюлент Тюфенкчи сейсенбі күні осы хабарды жариялап: «Келесі есепте ықтималды зиянның көлемі бұдан да артуы мүмкін. 100 млрд долларлық зиян алғашқы есептеуде шығарылды. Мұнда қырғи ұшақтар, тікұшақтар, құрал-жабдықтарға тигізілген зияндар мен бұзылған ғимараттардың шығындары есептелген. Көптеген шетелдік тапсырыстар күшін жойды. Көптеген шетелдік туристер Түркияға сапармен келмей қалды. Шетелдерде Түркия жайлы үшінші әлем елі деген ой қалыптасты. Бұлардың бәрі Түркияға тиген зарар болып саналады.
Шетелдік азаматтардың Түркияның көшелерінде жүрген танктер мен бомбалау сахналарын көргеннен кейін Түркияға келгісі келмейтіні анық»,-деді.