Там 28, 2016 14:49 Asia/Almaty
  • Ирактың әл-Халадия стратегиялық аралы ДАИШ-тен толығымен азат етілді

Ирак күштері осы елдің батысындағы әл-Халадия стратегиялық аралын ДАИШ лаңкестерінің қолынан толығымен азат етті.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак күштерінің ортақ штабы сенбі күні кешке: «Әл-Анбар облысында орналасқан әл-Халадия аралын азат ету және тазарту амалдары толығымен аяқталды. Ирак күштері егін шаруашылығына қолайлы осы аймақты өз бақылауына алды»,-деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, ДАИШ лаңкестік тобына мүше 700-ден астам адам  әл-Халадия аралын азат ету амалдары барысында өлтірілген.

Әл-Халадия аралы 2014 жылдың маусым айынан бері ДАИШ-тың қол астында болатын.

Осыған орай Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абади өз жолдауында Ирак халқын әл-Халадия аймағының азат етілуімен құттықтаумен қоса, осы елдің барлық құрылымдарының талпыныстарына алғыс айтып: «Әл-Халадия аралын азат ету Ирак халқы үшін тағы бір жеңісті тіркеді»,-деді.

Ирактағы өзгерістер жайындағы басқа бір хабар бойынша, Ирактың солтүстігінде орналасқан әл-Анбар мен Нейнава облыстарындағы әртүрлі көшпелі тайпалар ДАИШ лаңкестік тобына қарсы көтеріліп, олармен соғысты бастады.

Тегтер