Сауд Арабиясы әскери бөлімге қомақты қаржы жұмсады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1390
Сауд Арабиясы 2015 жылы Парсы Шығанағында ең үлкен әскери инвестор болған.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 23, 2016 23:04 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы әскери бөлімге қомақты қаржы жұмсады

Сауд Арабиясы 2015 жылы Парсы Шығанағында ең үлкен әскери инвестор болған.

Эмиратта шығатын «alkhaleejaffairs» басылымы бүгін, сейсенбі күні: «Сауд әулеті өткен 2015 жылы әскери жабдықтар сатып алу үшін 80 млрд доллар қаржы жұмсауымен Парсы Шығанағы аймағындағы елдер арасында ең үлкен әскери инвестор ретінде танылып отыр» деп жазды.

Осы басылымның мәлімдеуі бойынша, Сауд Арабиясы өзінің жылдық табысының 10 пайыздан астамын жабдықтар және дамыған әскери ұшақтар сатып алуға жұмсаған. АҚШ пен Ұлыбритания Сауд Арабиясына қару экспорттаушы елдердің көшбасшысы болып, Сауд Арабиясының армиясын жаңартуға көп үлес қосқан.

АҚШ- тың Сенат мәжілісі 2015 жылдың аяқ шенінде алдағы 10 жыл ішінде Сауд Арабиясына құны 60 млрд доллар тұратын қару- жарақ сатуға келіскенін мәлімдеді.

Сауд Арабиясы Йеменге жасап отырған әскери шапқыншылығы мен мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджет жетіспеушілігіне тап болып отырса да осындай көлемде қару сатып алып жатыр.