Түркияда 16 адам ДАИШ тобына мүшелікпен айыпталды
(last modified Wed, 07 Sep 2016 03:25:53 GMT )
Қыр 07, 2016 09:25 Asia/Almaty
  • Түркияда 16 адам ДАИШ тобына мүшелікпен айыпталды

Түркия астанасының соты 16 адамға ДАИШ лаңкестік тобына мүшелік айыбымен қамауға бұйрық шығарып, түрмеге қамады.

Түркияның TRT арнасының мәліметі бойынша, Анкара прокуратурасы сейсенбі күні осы адамдардың биылғы жылдың тамыз айының 26 күні полиция күштерінің астананың Енимахалле, Синджан, Етимесгут, Алтиндаг, Чубуг аудандарында жүргізген амалдарында құрықталғандарын хабарлады.

Ұсталған адамдар әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар жариялап, оқушыларды идеологиялық тренингтерге қатысуға шақырған.  

Полиция күштері сол амалдарда кітапхана ғимараты мен осы адамдарға идеологиялық тұрғыдан оқыту үшін тапсырылған 46 оқушының жатақханасына баса-көктеп кіріп, оларды  ғимараттардан шығарып, отбасыларына қайтарған. Полиция күштері осы топтың Анкарадағы кітапханасы мен жатақханасынан ДАИШ тобына тиесілі көп мөлшердегі құжаттарды тауып, тәркіледі.