Ғасеми: Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің қайталамалы айыптары жөнсіз
https://itolqyn.com/news/west_asia-i14263
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің "Иран лаңкестікті қолдайды" деген қайталамалы айыптарын жөнсіз әсірелеу деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 09, 2016 18:04 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің қайталамалы айыптары жөнсіз

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің "Иран лаңкестікті қолдайды" деген қайталамалы айыптарын жөнсіз әсірелеу деп атады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: «Сауд Арабиясы Йеменнің қорғансыз халқын тыныш әрі қауіпсіз өмірден айырып, оларға рақымсыз соғыс пен зұлымдық және қиратушылықты таңып,  өзінің зымырандары мен қырғи ұшақтарының тікелей шабуылдарының астына алып отырғанына біраз болды. Сөйте тұра олар әдеттегідей басқаларды көрші елдердің ішкі ісіне араласады деп айыптайды.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубаирдың Иранды лаңкестік пен әл-Каида ұйымын қолдап отыр деп айыптауы әл-Каида, ДАИШ топтары мен басқа да қанішер жалдамалы лаңкестердің  басшыларының не саудиялық азаматтар, не ваххабизмнің ықпалымен экстремизмге бет бұрған адамдар болып отырған жағдайда айтылып отыр. Әлем халықтары мен барлық ұжданы ояу адамдар біртіндеп осы ащы шындықтан хабардар болады»,-деп мәлімдеді.