Қазақстанда құрықталған 3 экстремистік топ ДАИШ тарапынан басқарылған
(last modified Thu, 15 Sep 2016 14:12:50 GMT )
Қыр 15, 2016 20:12 Asia/Almaty
  • Қазақстанда құрықталған 3 экстремистік топ ДАИШ тарапынан басқарылған

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті:"Ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанда құрықталған 3 экстремистік топ ДАИШ тарапынан басқарылған",-деп хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті: "Ағымдағы жылдың 12-30 тамызы аралығында  Қазақстанда əскери күштердің арнайы амалдары барысында құрықталған 3 экстремистік топ ДАИШ лаңкестік тобы тарапынан интернет арқылы басқарылып отырған",-деп хабарлады. 
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мəліметі бойынша, осы уақытқа дейін аталмыш лаңкестік топтың қаражат табу жолы анықталмаған, комитет осы мəселемен айналысып жатыр. 
Аталмыш комитет құрықталған топтың ДАИШ-тың қай басшысының қолдауында болғаны жайлы мəліметтің  жоқ екендігін мәлімдеді. 
Қазақстан əскери күштерінің 12-30 тамыз аралығында жүргізген арнайы амалдары нəтижесінде Батыс Қазақстан облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, жалпы 21 адам экстремистік жəне лаңкестік əрекеттер жасауды жоспарлады деген айыппен құрықталды. 
Құрықталғандардың үйінен қару-жарақ, оқ-дəрілер, есірткі заттар, пышақ, экстремистік сипаттағы жазбалар мен халықаралық лаңкестік ұйымдардың жарнамалық бейнетаспалары табылып, тəркіленді.