Терроризмді қолдау оны демеушілердің өздері үшін жағымсыз салдарға ие
https://itolqyn.com/news/west_asia-i14644
Иран Сыртқы істер министрінің Араб жəне Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари Мəскеуге үш күндік сапарының соңында өткізген баспасөз конференциясында: "Кейбір ойыншылардың саясатына айналған терроризмді құрал ретінде пайдалану - қателік. Мұның олар үшін салдары болады",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 16, 2016 08:22 Asia/Almaty
  • Терроризмді қолдау оны демеушілердің өздері үшін жағымсыз салдарға ие

Иран Сыртқы істер министрінің Араб жəне Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари Мəскеуге үш күндік сапарының соңында өткізген баспасөз конференциясында: "Кейбір ойыншылардың саясатына айналған терроризмді құрал ретінде пайдалану - қателік. Мұның олар үшін салдары болады",-деді.

Джабери Ансари Теһран мен Мəскеудің Таяу Шығыс дағдарыстарына қатысты үйлесімдігіне тоқталып: "Иран келіссөздерді Таяу Шығыстың қазіргі дағдарыстардан шығу жолы деп санайды. ИИР-ның саяси стратегиясы осы бағытта жалғаса беретін болады",-деп қуаттады.