Сирияда орнатылған атысты тоқтату бітімі баянсыз
Ресей мен АҚШ арасында атысты тоқтату келісімі жасалғанына алты-ақ күн өтсе де, Ресей қайраткерлерінің пікірінше, АҚШ өзінің міндеттемелерін орындауға салғырт қарайды: көмек жеткізу мүмкіндігі жасалмаған, атысты тоқтату бітімі бұрынғыдай бұзылуда, Дамаск, әл-Қанитара, Дарайя облыстарында ауыр қақтығыстар орын алуда.
АҚШ пен Ресей ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бері Сирияның үкіметтік күштері мен сириялық қарсыластар және наразылар арасында атысты тоқтату туралы келісті, алайда бұл бітімнің тұрақсыздығы мен әлсіздігі 5 күн өткеннен кейін айқындала түсті.
АҚШ осы келісімде Сирия үкіметіне қарсы ұстамшыл күштердің қимыл-әрекеттерін бақылауды өз мойнына алғанына қарамастан, әлі күнге дейін оларды бақылауға ала алмай отыр. Бұл мәселе Ресей СІМ-нің АҚШ-ты өз міндеттемелерін орындауда салғырттық таныту және уәдені орындамаумен айыптауына себеп болды.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы сұхбаттасып, осы елдің үкіметіне ұстамшыл топтарды ән-Носрат майданынан бөліп алу туралы уәдесін тезірек орындауға кеңес берді. Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов та егер АҚШ атысты тоқтату келісіміндегі өз міндеттемелерін орындай алмаса, әуе шабуылдарын жасау ықтималдығы бар деп ескертті.
АҚШ іс-әрекетінің үлгісі Вашингтонның өткен жылы қыста жасалған атысты тоқтату бітімі сияқты мұны Сирия жүйесіне қарсы күштердің қуатын қайта жию үшін пайдаланып жатқанын көрсетеді. Басқаша айтқанда АҚШ-тың қимыл-әрекеті Ресейдің атысты тоқтату жайлы келісімге келу арқылы АҚШ-тан тағы да алданып қалғанын көрсетеді.
АҚШ пен Ресей келісімінің бір мақсаты – Сирияда қоршауда қалған қалаларға көмек жеткізу. БҰҰ Алеппоның шығысында тұратын 250 мың адамға көмектесу үшін дайындалған азық-түлік пен дәрі дәрмек тиеген жүк көліктерінің Түркия шекарасынан өте алмай қалғанын хабарлады.
Бұл жағдайда Халықаралық Кешірім ұйымы да әйел-баладан тұратын 75 мың сириялық босқынның Иордан шекарасында тұрып қалғанын және ешқандай гуманитарлық көмек алмағанын ескертті.
АҚШ пен Ресей келісімінің келесі маңызды мақсаты атысты тоқтату болған, бірақ лаңкестер бітімді сақтау міндеттемесін атқармай отыр. Қарулы лаңкестік топтар атысты тоқтату бітімін бұзып, Сирияның солтүстігіндегі Алеппо облысының әртүріл аудандарын, соның ішінде әл-Азизие ауданын минометпен атқылады.
Сирияның астанасы Дамаск қаласының шығыс жағында ауыр қақтығыстар болып жатыр. Сирияның оңтүстік-батысындағы Дарайя, Джонуб пен әл-Қанитара облыстарында да ауыр қақтығыстар жүріп жатыр. Өткен 3 күннің ішінде 500 лаңкес өлтіріліп, жараланды. Олардың арасында лаңкестердің 20 басшысы да бар. Жалпы алғанда атысты тоқтату бітімі лаңкестер тарапынан сан рет бұзылса да, қатігездік көлемі азайды.
Осындай жағдайда кеше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресей мен АҚШ-тың Сирияға қатысты келісімін талқылауға қатысты төтенше отырысын өткізбеді. Мұның себебі Вашингтонның келісімнің егжей-тегжейін жариялаудан бас тартуы болды.