Сауд Арабиясында көптеген абадтандыру жобалары тоқтатылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i14698
Сауд Арабиясының астанасы эр-Рияд облысы әкімшілігінің абадтандыру жобалары департаменті облыста көптеген абадтандыру жобаларының тоқтатылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 17, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясында көптеген абадтандыру жобалары тоқтатылды

Сауд Арабиясының астанасы эр-Рияд облысы әкімшілігінің абадтандыру жобалары департаменті облыста көптеген абадтандыру жобаларының тоқтатылғанын хабарлады.

Сауд Арабиясында биылғы жылы бюджет тапшылығы болғаннан кейін эр-Рияд облысы әкімшілігінің абадтандыру жобалары департаменті сенбі күні ағымдағы жылдың алғашқы жартысында құны 150 млн долларды құрайтын 54 абадтандыру жобасын орындаудың тоқтатылғанын жариялады.  

Мұнай бағасы төмендеп, Сауд Арабиясының Йемендегі соғысының шығыны көбейіп, лаңкестерге қаржылай көмек бергенінен кейін бұл ел қатты бюджет тапшылығына ұшырады. Бюджет тапшылығы абадтандыру жобаларын белгісіз жағдайға ұшыратты.

Эр-Рияд облысы әкімшілігінің абадтандыру жобалары департаменті: «Білім және тәрбие, жоғары білім алуға қатысты жобалар басынан-ақ тоқтатылған»,-деп еске салды.

Бюджет тапшылығы, өтімділік дағдарысы, биржаның құлдырауы –  жалпы соңғы екі жылдағы Сауд Арабиясының банктік жүйесіндегі қаржылай қиындықтардың барлығы  саудиялық режимнің  кейбір бәсекелес және Иран мен Ресей сияқты осы елдің саясаттарына қарсы елдерге соққы беру үшін мұнайдың әлемдік бағасын төмендету қастандығының әсерінен туындап отыр.