Ливанның мұсылман үлемдері Иранның Сыртқы істер министріне хат жолдады
(last modified Sun, 18 Sep 2016 13:55:44 GMT )
Қыр 18, 2016 19:55 Asia/Almaty
  • Ливанның мұсылман үлемдері Иранның Сыртқы істер министріне хат жолдады

Ливанның мұсылман үлемдері Мина апатының шәһидтеріне бір жыл болуына орай ИИР-ның қайғысына ортақтастық білдірді.

Ливанның мұсылман үлемдері Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке хат жолдап, Мина апатына жауаптыларды анықтау үшін бейтарап ақиқатты анықтаушы комитет құруды ИИР мен Мина апатында қажылары қайтыс болған басқа да ислам елдерінің бұлтартпас құқығы деп атады.

Ливанның мұсылман үлемдері, сондай-ақ,  Сауд Арабиясының ислам елдерінің қажылық істерді басқаруға қатысуын қабылдаудан бас тартуын және ирандық, сириялық және йемендік зияратшылардың биылғы жылғы қажылық парызын өтеуге бағытталған сапарына кедергі жасауын  Сауд әулетінің  қажылық рәсімдерді басқаруға қабілетсіздігінің дәлелі деп атады.

Мыңдаған зияратшы, соның ішінде 464 ирандық қажы 2015 жылдың 24 қыркүйегінде Құрбан айт күні Мина жерінде қажылық рәсімдерді орындау барысында Сауд әулетінің  қате басқаруы салдарынан жан тәсілім етті.

Иранның Ливандағы бұрынғы елшісі Ғазанфар Рокнабади де Мина апатында шәһид болды.